Accessibility links

СІМ: Стамбулда қазақстандықтар зардап шеккен-шекпегені анықталып жатыр


Жедел жәрдем қызметкерлері Ататүрік әуежайында болған жарылыстан зардап шеккендерді әкетіп жатыр. Стамбул, Түркия, 28 маусым 2016жыл.
Жедел жәрдем қызметкерлері Ататүрік әуежайында болған жарылыстан зардап шеккендерді әкетіп жатыр. Стамбул, Түркия, 28 маусым 2016жыл.

Стамбулдың Ататүрік әуежайында болған жарылыстарда қаза тапқандар мен жараланғандар арасында алдын ала мәліметтер бойынша Қазақстан азаматтары жоқ деп хабарлады Азаттыққа Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Әнуар Жайнақов.

"Қазірге дейін алдын ала мәліметтер бойынша қаза тапқандар мен жараланғандар арасында қазақстандықтар жоқ. Әлі анықтап жатырмыз" деді Жайнақов.

28 маусым күні кешке Ататүрік әуежайында үш жанкешті әуежайдың бақылау-өткізу бекеті жанында полициямен атысып, біреуі терминалдағы адамдарға автоматтан жаппай оқ атып, сосын өздерін жарып жіберген. Шабуылдардан соңғы мәлімет бойынша 36 адам қаза тауып, 140-тан астам жараланған.

XS
SM
MD
LG