Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгудың сөзінше, Ресей елдің батысына шекарадағы "әскери және саяси жағдайдың тұрақсыздығына байланысты" 10 мың әскер апарады. Ол АҚШ пен НАТО-ның "негізінен Ресеймен шекаралас елдерде әскери әлеуетін күшейтіп жатқанын" айтты.
Шойгу НАТО-ның 2014 жылы Қырымның аннексияланып, Украина шығысындағы қақтығыс тууына байланысты өз қауіпсіздігіне алаңдаған НАТО-ның Эстония, Латвия, Литва және Польшаға қосымша батальондар орналастыру жоспарын меңзеді. Кремль НАТО-ның бұл ниетін және Шығыс Еуропада зымыраннан қорғаныс жүйесін құруды Ресейдің ұлттық қауіпсіздігіне төнген тікелей қауіп деп санайды.
Шойгу сонымен қатар Балтық флотының қолбасшысы, вице-адмиралы Виктор Кравчук және штаб басшысы, вице-адмирал Сергей Попов "жұмысында өрескел қателік жіберді" деп қызметтерінен алынғанын хабарлады.