Accessibility links

Қырғызстанда түрмеден қашқан тұтқындар сотталды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қырғызстанда түрмеден қашу ісі бойынша үш сотталушыға өмір бойы түрмеде отыру үкімі кесілді. Бішкек соты сотталушылар мүлкінің бір бөлігін тәркілеуге де үкім етті. Тағы бір ер адам мен әйелге түрмеден қашқандарды жасырды деген айып тағылды. Ер адамға төрт жыл бас бостандығынан айырылу жазасы, әйелге төрт жыл шартты жаза кесілді.

Өткен жылы қазан айында Бішкек маңындағы түрмеден тоғыз сотталушы қашқан еді. Олар қашатын кезде түрменің төрт күзетшісін өлтірген. Қашқандардың көпшілігі дәни экстремизм айыбы бойныша сотталғандар. Қашқандардың алтауы ұзамай ұсталып, үшеуі полициямен атыста оққа ұшқан. Кейін билік ұсталғандардың екеуі жүрек талмасынан және миына қан құйылып қайтыс болды деп мәлімдеген.

Құқық қорғаушылар билік келтірген екі тұтқынның өлімі себептеріне күмән келтіреді.

XS
SM
MD
LG