Accessibility links

Футуролог Элвин Тоффлер қайтыс болды


Футуролог Элвин Тоффлер.
Футуролог Элвин Тоффлер.

Америкалық футуролог, социолог әрі философ, "Болашақтың соққысы" (Future shock") бестселлерінің авторы Элвин Тоффлер Лос-Анжелесте 87 жасында қайтыс болды.

Тоффлер өзінің 1970 жылы жазған "Болашақтың соққысы" кітабы арқылы танымал болған. Кітабында ол 20-ғасыр соңы мен 21-ғасыр басындағы қоғамның жағдайына болжам жасауға тырысқан. Ол аграрлық қоғам мен индустриялық қоғамнан соң постиндустриялық қоғам пайда болатынын айтқан.

Тоффлер экономикалық және технологиялық дамудағы өзгерістерге - оның ішінде клондау, дербес компьютер мен интернеттің пайда болатынына дәл болжам жасаған. Ол сонымен қатар бұл технологиялық дамудан туындайтын әлеуметтік оқшаулану, дәстүрлі отбасы құндылығының төмендеуі, қылмыс пен есірткі тұтынудың артатынын да болжаған. Ол осыған байланысты "ақпараттың молдығы" деген терминді ойлап тапқан.

"Бұл болжамдардың көпшілігі іске асты және оның жұмысының түпкі идеясы дәлелденді, яғни білімге негізделген жаңа экономика индустриялық ғасырды алмастырады" деп мәлімдеді Тоффлердің Toffler Associates консалтинг фирмасы.

Әлемнің бірқатар мемлекет басшылары, оның ішінде СССР басшысы Михаил Горбачев 1986 жылы Тоффлердің идеясынан шабыттанып, оның кеңесіне жүгінген.

"Болашақтың соққысы" кітабы 50-ден астам елде 15 миллионнан астам тиражбен басылып шыққан.

XS
SM
MD
LG