Accessibility links

Ермегияевтің бұрынғы жүргізушісі "кінәсін мойындады"


Талғат Ермегияевтың жүргізушісі болған Саят Надирбаев (Сурет отбасылық мұрағаттан алынды).
Талғат Ермегияевтың жүргізушісі болған Саят Надирбаев (Сурет отбасылық мұрағаттан алынды).

Коррупциямен күрес жөніндегі ұлттық бюро "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының бұрынғы төрағасы Талғат Ермегияевтің "сенімді өкілі" Саят Нәдірбаевтың "кінәсін мойындағанын" мәлімдеді. Ермегияевтің бұрынғы жүргізушісі Саят Нәдірбаев өткен жылдың тамызынан бері іздеуде жүріп, биыл наурызда ұсталған. Тергеушілердің мәліметінше, Нәдірбаев Астанада EXPO-2017 халықаралық көрмесін өткізуге бөлінген қаржыны "жымқыруға болысқан".

Ұлттық бюро сайтында жарияланған ақпаратқа қарағанда, 28 маусымда Нәдірбаев пен Астана қалалық прокуратурасы арасында күдіктінің "кінәсін мойындап", оған үш жыл бас бостандығынан шартты түрде айыру туралы жаза тағайындау туралы келісім жасалған. Іс сотқа жіберілген.

"Астана ЭКСПО-2017" компаниясындағы қаржы жымқыру ісі бойынша басты айыпталушы Талғат Ермегияев 9 маусымда "аса ірі көлемде пара алды" және өзіне сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иеленді" деген айыптармен 14 жылға сотталған. Ермегияев өзіне тағылған айыптармен келіспейді. Бұл іс бойынша тыңдау наурыз айында Астанада басталған. Іс бойынша 23 адам сотқа тартылған.

XS
SM
MD
LG