Accessibility links

Астанада белсенділер Ақордаға хат тапсырды


Белсенділер Ақорда алдындағы жәшікке хат салып жатыр. Астана, 1 шілде 2016 жыл.
Белсенділер Ақорда алдындағы жәшікке хат салып жатыр. Астана, 1 шілде 2016 жыл.

Астанада бүгін бір топ белсенді Ақордаға Қазақстанда жер мәселесіне қатысты митингілерге қатысқаны үшін ұсталған белсенділердің босатылуын талап етіп хат тапсырды.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, жеті сегіз белсенді түстен кейін Ақорда алдындағы жәшікке жүздеген азаматтың хатын тапсырды. Өзін Жанар Жандосава деп таныстырған әйелдің Азаттыққа айтуынша, хаттар Атырау, Ақтау, Астана, Алматы, Павлодар және Арқалық қалаларынан жазылған.

- Хатты азаматтар өз еріктерімен жазған. Хатта біз президент әкімшілігі мен президент жанындағы адам құқығы жөніндегі комиссиядан және мемлекеттік хатшыдан Қазақстанда соттың тікелей конституцияны басшылыққа алғанын сұраймыз. Себебі қазір әлдебір заңдармен құқық қорғаушыларға айып тағылып жатыр. Бірақ іс жүзінде конституцияның 20-бабында Қазақстанда сөз бостандығына, 32-бабында бейбіт жиындар өткізуге кепілдік берілген. Мұндай болса, онда азаматтарға митинг өткізуге мүмкіндік берілуі тиіс, - дейді Жанар Жандосова.

Белсенділер хатта Қазақстандағы жер мәселесіне қатысты митингілерден кейін қамалып, іс қозғалған белсенділер Макс Боқаев, Талғат Аян, Жанат Есентаев, Ерлан Башақов және басқаларды қудалауды доғаруды сұрайды. Белсенділер хат тапсыруға үстілеріне істі болған белсенділердің аты-жөні жазылған футболка киіп келді.

Белсенділердің жәшікке салған затын полиция формасын киген ер адам президент әкімшілігіне жеткізетінін айтып алып кетті.

XS
SM
MD
LG