Сербия астанасы Белградтан 80 шақырымдай қашықтықта орналасқан, елдің солтүстігіндегі Зренянин қаласындағы кафеде белгісіз біреу бес адамды атып өлтірген.
Полицияның хабарлауынша, бүгін таңертең белгісіз ер адам кафеге кіре сала мылтықтан оқ жаудырған. Әуелі зайыбы мен тағы бір әйелді өлтіріп, онан соң кафедегі өзге адамдарға оқ атқан. Күдікті ұсталған. Қазір қылмыстың себебі тексеріліп жатыр.