Accessibility links

Даккадағы кафеде қаза тапқан 20 бейбіт тұрғынның көбі – шетелдіктер


Қарулы топ шабуылдап, ішіндегілердің көбін өлтіріп, қалғанын кепілде ұстаған кафе. Дакка, Бангладеш, 2 шілде 2016 жыл.
Қарулы топ шабуылдап, ішіндегілердің көбін өлтіріп, қалғанын кепілде ұстаған кафе. Дакка, Бангладеш, 2 шілде 2016 жыл.

Бангладеш астанасындағы кафеге сенбіге қараған түні қарулы топ шабуыл жасап, ондағыларды кепілге алғанда қаза тапқан 20 бейбіт тұрғынның көпшілігі – шетелдік азаматтар. Олардың бәрін мачетемен (жалпақ пышақ) шауып өлтірген деп хабарланды.

Италия билігі құрбан болғандардың арасында өз елінің азаматтары барын растаған. Үндістан сыртқы істер министрлігі қаза тапқандардың біреуі үндістандық екенін хабарлады.

Қарулы топ басып алып, ішіндегі адамдардың жартысынан астамын өлтіріп, қалғанын кепілге алған кафені 11 сағат бойы қоршауда ұстаған полиция, әскерилер мен арнайы жасақтың сенбі күні таңертең жүргізген операциясы нәтижесінде кепілдегі 13 адам босатылған. Олардың арасында бір жапон азаматы және екі шри-ланкалық бар. Күдіктілердің алтауының көзі жойылып, біреуі ұсталды деп хабарланды.

«Ислам мемлекеті» экстремистік тобы Даккадағы кафеге шабуылға жауапкершілікті алатынын мәлімдеген.

Бангладеш баспасөз құралдарының хабарлауынша, қарулы қылмыскерлер шабуылдаған кафе Даккадағы дипломатиялық өкілдіктерге жақын маңда орналасқан, шетелдік дипломаттар, саясаткерлер мен бизнесмендердің жиі баратын орны болған.

XS
SM
MD
LG