Ұлыбритания астанасында елдің Еуропа Одағы құрамынан шығуына (Brexit) қарсы мыңдаған адам наразылық шеруіне қатысты.
Наразылар Лондондағы британ парламенті алдына барып, Ұлыбританияның Еуропа Одағы құрамында қалуын қалайтындарын білдірді.
Ұйымдастырушылардың мәліметі бойынша, шеруге 40 мыңнан астам адам жиналған.
Ұлыбританияда маусымның 23-і күні өткен референдумде сайлаушылардың 48 пайызы елдің Еуропа Одағынан шығуына қарсылық білдірсе, 52 пайызы – жақтап дауыс берген.
Лондонда өткен Brexit-ке қарсылық шеруінен видео: