Accessibility links

Wimbledon: Шведова төртінші айналымға шықты


Ярослава Шведова.

Әлемдік рейтингте 96-орында тұрған қазақстандық теннисші Ярослава Шведова Лондонда өтіп жатқан Wimbledon жарысының төртінші айналымына шықты. Ол үшінші айналымда әлемнің 81-ракеткасы германиялық Сабин Лисицкиді 7:6, 6:1 есебімен жеңді.

Енді Шведова төртінші айналымда чехиялық Люси Шафаржовамен кездеседі.

Шведова екінші айналымда әлемнің 20-ракеткасы украиналық Элина Свитолинадан басым түскен.

Ал Қазақстанның бірінші ракеткасы Юлия Путинцева Wimbledon жарысының екінші айналымында ресейлік Анастасия Павлюченковадан жеңіліп қалған.

Wimbledon - Grand Slam санатына кіретін әлемдегі ең ірі төрт жарыстың бірі. Биылғы сын шілденің 10-да аяқталады.

XS
SM
MD
LG