Accessibility links

БАӘ азаматтарын шетелде ұлттық киім кимеуге шақырды


Мұсылманша киініп бара жатқан әйел.
Мұсылманша киініп бара жатқан әйел.

Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) үкіметі өз азаматтарына шетелде жүргенде ұлттық киім киюден бас тартуға кеңес берді.

Өткен аптада 41 жастағы арабша киінген БАӘ азаматы Ахмед әл-Менхалиды АҚШ-тың Огайо штатындағы қонақ үйлердің бірінде полиция тұтқындаған. Қонақ үй қызметкерлерінің бірі қонақ үйге "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік тобымен байланысы бар адам тоқтағанын айтып, полицияға хабарласқан.

Кейін Огайо билігі Менхалиден кешірім сұрап, интернетке видеожазба жариялады.

БАӘ сыртқы істер министрлігі әйелдерге де шетелде жүргенде жеке бас қауіпсіздіктері үшін беттерін жауып тұратын киімдер кимеуге шақырды.

XS
SM
MD
LG