Accessibility links

Ил-76 апатынан мерт болғандар денесі Иркутскіге жеткізілді


Иркутск облысындағы орман өрті.
Иркутск облысындағы орман өрті.

Иркутск облысында апатқа ұшыраған Ил-76 ұшағының барлық экипаж мүшесінің денелері Иркутскке жеткізілді. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігі хабарлады.

Арнайы сараптамадан кейін мерт болғандардың денесі Мәскеуге жеткізеді.

Бүгін Иркутск облысында қаралы күн жарияланған.

Ормандағы өртті сөндірумен айналысып жүрген Ил-76 ұшағы шілденің 1-і күні хабар-ошарсыз кеткен. Өткен түнде Рыбный Уян кентінен оңтүстікке қарай 4 шақырымдай жердегі шоқылардың бірінің баурайынан ұшақ қалдықтарын тапқан. Сол маңнан ұшақтағы екі «қара жәшіктің» бірі табылған.

XS
SM
MD
LG