Accessibility links

Рио олимпиадасында Қазақстан туын Жапаров ұстайды


Таэквондошы Руслан Жапаров.

Рио олимпиадасының ашылу салтанатында Қазақстан туын таэквондошы Руслан Жапаров ұстап шығады. Бүгін Ақордада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Рио олимпиадасына қатысатын спортшыларға сәттілік тілеп, туды табыстады.

Руслан Жапаров - таэквондодан бірнеше халықаралық турнирлердің жеңімпазы. Ол олимпиада ойындарына алғаш рет қатысады.

Рио олимпиадасына қазір қазақстандық 100 жуық спортшы жолдама алған. Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты 5 тамызда "Маракана" стадионында өтеді. Ойындар 21 тамызға дейін жалғасады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG