Accessibility links

Wimbledon: Шведова - ширек финалда


Ярослава Шведова Wimbledon жарысында. Лондон. 4 шілде 2016 жыл.
Ярослава Шведова Wimbledon жарысында. Лондон. 4 шілде 2016 жыл.

Әлемдік рейтингте 96-орында тұрған қазақстандық теннисші Ярослава Шведова Лондонда өтіп жатқан Wimbledon жарысының ширек финалына шықты.

Ол төртінші айналымда әлемдік рейтингте 29-орында тұрған чехиялық теннисші Люси Шафаржованы 6:2, 6:4 есебімен жеңді.

Шведова өз карьерасында алғаш рет бұл жарыстың ширек финалына шығып отыр. Енді ол әлемнің 8-ракеткасы Винус Уильямспен (АҚШ) кездеседі.

XS
SM
MD
LG