Халықаралық велоспорт одағы (UCI) ресейлік 33 жастағы Татьяна Антошинаны допингке байланысты уақытша жарыстардан шеттеді.
UCI мәліметінше, велоспортшының 31 мамырдағы сынамасынан бой өсіретін гармон табылған.
Антошина былтыр қазақстандық "Astana-Women" велокомандасымен келісім-шарт жасасқан. Алайда команданың менеджері Зүлфия Забирова Антошина біраз уақыт бұрын командаға үйрене алмай, шығып кеткенін, оның допинг дауы "Astana-Women" велокомандасына қатысы жоқ екенін мәлімдеді.
Осыған дейін ресейлік ескекшілердің де сынамасынан рұқсат етілмеген препараттар табылған еді.