Accessibility links

Қазақстанда бүгін – Астана күні


Астана қаласының орталығындағы "Бәйтерек" монументі мен әкімшілік және тұрғын үй ғимараттары.
Астана қаласының орталығындағы "Бәйтерек" монументі мен әкімшілік және тұрғын үй ғимараттары.

Қазақстанда бүгін Астана күні мерекесін атап өтіп жатыр. Бұдан 18 жыл бұрын Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен мемлекет астанасы Алматы қаласынан Ақмола қаласына көшіріліп, кейін Ақмола атауы Астана деп өзгертілген.

Жаңа астана күні бірнеше жыл бойы 10 маусымда атап өтілетін. 2006 жылы атаулы күнді 6 шілдеге ауыстырды. Ал 2008 жылдан бастап Астана күні мемлекеттік мейрам – демалыс күні болып жарияланды. Астана күні Қазақстанның тұңғыш және осы кезге дейінгі жалғыз президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күнімен дөп келеді. Биыл президент Назарбаев 76 жасқа толды.

Биылғы Астана күні қарсаңында жергілікті билік Қазақстан астанасында миллионыншы тұрғын өмірге келгенін жариялады. Ресми мәлімет бойынша, жыл басында 871 мыңға жуық тұрғыны болған қалада алты айда адам саны миллионға жеткеніне күмән білдірушілер де бар. Астана әкімдігі соңғы жарты жылда қала тұрғындарының саны 128 мың адамға көбейгенін хабарлады. Халық санының қарқынды өсуін билік мемлекет жүргізіп отырған ақша мен дүние-мүлікті заңдастыру науқаны нәтижесімен және науқан аясында көптеген компаниялар бұған дейін «есепте жоқ» жұмыскерлерін тіркете бастағанымен түсіндірген.

XS
SM
MD
LG