Accessibility links

Chevron Теңіз кенішіне инвестиция көлемін ұлтайтпақ


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Chevron компаниясы Қазақстандағы Теңіз кенішіне инвестиция көлемін ұлғайтатыны туралы жариялады. Шілденің 5-і күні таратылған ресми мәлімдемеде жобаны ұлғайту арқылы өндірілетін шикізат көлемін 260 мың баррельге көбейтіп, тәулігіне миллион баррель мұнай өндіру мүмкіндігіне қол жеткізу көзделініп отырғаны айтылған. Мұнай өндіру 2022 жылы басталады деп жоспарланған.

Жобаны іске асырып жатқан «Теңізшевройл» бірлескен компаниясының акцияларының 50 пайызы Chevron компаниясының үлесінде. Жобаға Exxon, «ҚазМұнайГаз» және «Лукойл» компаниялары да қатысып жатыр. Қазақстан энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың айтуынша, жобаны ұлғайтуға арналған қаржының «елеулі бөлігі» «Теңізшевройл» компаниясы есебімен бөлінеді.

Теңіз кеніші жобасына инвестицияны ұлғайту туралы ақпарат әлем бойынша мұндай жобаларға шығындар жаппай қысқарып жатқанда тарап отыр. Әлемдік базарда мұнай бағасының құлдырауы әсерінен қысқартылған инвестиция көлемі триллион долларға жеткен. Қаңтар айында мұнайдың бағасы соңғы 12 жылдағы ең төмен деңгейге түскен.

XS
SM
MD
LG