Сирия әскерилері елде бір жақты 72 сағаттық "тыныштық режимі" жарияланғанын, оның 8 шілденің түніне дейін жалғасатынын мәлімдеді.
Бұл режим Ораза айт мейрамына орай жарияланған. Бірақ нақты қай қалаларда соғыс қимылдары тоқтағаны белгісіз.
Грузияда жүрген АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Вашингтон "тыныштық режимін шын жүректен қолдайтынын және барлық соғысушы тарап бұл режимді сақтайтынына үміттенетінін" айтты.
Сириядағы соғыстан 250 мың адам қаза тауып, 11 миллион адам елін тастап кеткен.