Accessibility links

"Казкоммерцбанк" Қалдыбаевтың өлімінен кейін мәлімдеме жасады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Казкоммерцбанктің мәлімдеуінше, кәсіпкер Тайыр Қалдыбаев "банкке толық материалдық шығынды өтеген". Банктің бүгін таратқан мәлімдемесінде Қалдыбаев берген 144 миллион 235 мың теңгені қайта отбасына беру туралы шешім шығарған.

Алматы қалалық және Алматы облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаменті (ҚАЖД) 49 жастағы Тайыр Қалдыбаевтың қамау мекемесінде қаза болғаны туралы ақпарат таратқан. Алматылық бұрынғы кәсіпкер Қалдыбаевты биыл 23 мамырда сот «Республика» және Nakanune.kz оппозициялық басылымдарында «Казкоммерцбанкті» қаралайтын көпе-көрнеу жалған ақпарат таратуға кінәлі деп танып, төрт жарым жылға бас бостандығынан айыруға үкім еткен. Бұған дейін Қалдыбаевтың қазасы туралы Facebook парақшасында журналист Ирина Петрушова жазған еді.

ҚАЖД өкілінің Азаттыққа хабарлауынша, Қалдыбаевты басқа камераға «көшіру» жедел шарасы кезінде 5 шілдеде 17 сағат 40 минут шамасында камерада асылып тұрған жерінен тауып алған. Сот үкімі күшіне енетін мерзім жақындаған Қалдыбаев тек сотталғандар отыратын камерада отыруы тиіс болғандықтан оны «көшірмек» болған деп түсіндіреді ҚАЖД. Тайыр Қалдыбаев аз ғана уақыт камерада жалғыз қалған дейді қылмыстық атқару жүйесі мекемесінің өкілі. Бұған дейін Қалдыбаев өзін байсалды ұстаған, суицид жасауға ниет танытпаған. Тұтқын өз-өзіне қол салған деген болжам айтып отыр билік.

XS
SM
MD
LG