Accessibility links

Пхеньян АҚШ санкциясына жауап беретінін мәлімдеді


Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын.
Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын.

Солтүстік Корея сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың ел лидері Ким Чен Ынға салған санкциясы "соғыс жариялаумен тең" деп мәлімдеді. Ресми Пхеньян АҚШ-қа жауап қайтаратынын да жеткізді.

АҚШ алғаш рет Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын мен ондаған солтүстік кореялық шенеунікке санкция салды. Вашингтон Солтүстік Корея лидері мен шенеуніктеріне адам құқығын бұзды, сот өткізбей адамдарды дарға асты, адамдары еріксіз жұмысқа шекті деген айыптар тағып отыр.

Енді санкция салынғандардың АҚШ-тағы барлық активтері құлыпталып, америкалық азаматтарға олармен бизнес жүргізуіне тыйым салынады.

XS
SM
MD
LG