Accessibility links

Алматыдан 357 шақырымда жер сілкінді


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Сенбі күні Алматыдан оңтүстікке қарай 357 километр қашықтықта 5 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді деп хабарлайды Қазақстан білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық әдістеме-тәжірибелік орталығы.

Алматы уақыты бойынша сағат 22:37 кезінде тіркелген жер сілкінісінің ошағы Қытайдың Шыңжаң-ұйғыр автономиялық ауданы аумағында, бес километрге дейінгі тереңдікте болған деп хабарланды.

Жер сілкінісінің дүмпуі Қазақстан аумағында сезілмеген.

XS
SM
MD
LG