Accessibility links

Дағыстанда белгісіз біреулер ауыл мектебі басшысын өлтіріп кеткен


Дағыстандағы Губден ауылы.
Дағыстандағы Губден ауылы.

Ресейдің Дағыстан аймағында белгісіз біреулер ауыл мектебінің директорын өлтіріп кеткен. Ресей тергеу комитетінің мәліметі бойынша, сенбі күні қас қарая Карабудахкент ауданы Губден ауылында тұратын 37 жастағы мектеп директорын екі ер адам үйінен сыртқа шақырған. Үй ауласында аз ғана уақыт сөйлескен соң әлгілер үй иесіне бірнеше рет пышақ салып, қашып кеткен.

Мектеп директоры оқиға орнында жан тапсырған. Полиция қылмыскерлерді іздестіріп жатыр.

XS
SM
MD
LG