Accessibility links

Қырғызстандық қыз АҚШ-та тай боксынан әлем чемпионы атанды


Антонина Шевченко (сол жақта) және оның бапкері Павел Федотов.
Антонина Шевченко (сол жақта) және оның бапкері Павел Федотов.

Қырғызстандық Антонина Шевченко АҚШ-та Lion Fight нұсқасы бойынша тай боксынан әлем чемпионы атанды деп хабарлайды Азаттықтың Қырғыз қызметі. Қырғызстан ұлттық тай боксы федерациясының ақпараты бойынша, Шевченкоға әлем чемпионы белдігін тапсыру рәсімі Коннектикут штатындағы Фоксвуд казиносы аренасында өткен.

Антонина Шевченконың бәсекелесі – ағылшын спортшысы Аннабэль Жэли допингке тексеруден өте алмай, жарысқа қатысу құқығынан айырылған соң төрешілер жеңісті қырғызстандыққа берген.

Шевченконың бапкері Павел Федотов осыдан бір ай бұрын ғана Швецияда IFMA нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағын жеңіп алған Антонинаның бірден шілдедегі жекпе-жекке дайындыққа кіріскенін айтады.

Антонина Шевченко спорттың бұл түрінен осымен тоғызыншы рет әлем чемпионы атанып отыр.

XS
SM
MD
LG