Accessibility links

Далласта полицейлерді өлтіргендер ірі шабуыл жоспарлаған


Далластағы атыс болған аймақ.
Далластағы атыс болған аймақ.

Далласта бес полицейді атып өлтірген америкалық соғыс ардагерлері жарылғыш зат қолдану арқылы ірі шабуыл ұйымдастыруды жоспарлауы мүмкін. Бұл туралы Даллас полиция бөлімі мәлімдеді.

Бұрын Ауғанстанда әскери қызметте болған қара нәсілді Дэвид Браун мен Мики Джонсон америкалық полициялардың әрекетіне ыза болғаннан осы әрекетке барғандарын айтқан.

Өткен аптада АҚШ-тың Даллас және басқа да ірі қалаларында полиция қызметкерлерінің қатігездігіне қарсы митинг болған. Шілденің басында полиция екі африкамерикалық Алтон Стерлинг пен Филандо Кастайланы атып тастаған еді.

XS
SM
MD
LG