Accessibility links

Ұзынсу ауылында сібір жарасына байланысты карантин жарияланды


Павлодар облысының картасы.
Павлодар облысының картасы.

Павлодар облысы Ертіс ауданы Ұзынсу ауылынан алынған еттерден сібір жарасы талшықтары табылғандықтан елді-мекенде карантин жарияланды.

Бұл туралы Павлодардағы инфекциялық ауруханада болған брифингте облыстың бас санитарлық-мал дәрігерлік инспекторы Рашид Нұрбеков мәлімдеді.

Өткен аптаның жұмасында осы ауылдың екі тұрғыны, кеше 10 шілдеде тағы бір тұрғын сібір жарасы симптомдарымен ауруханаға түскен. Эпидемиолог-дәрігер Гүлмира Құлмағамбетова науқастардың біреуінің жағдайы ауыр екенін айтты.

Ал Рашид Нұрбековтың айтуынша, ауруханаға түскен үш адаммен 25-42 адам байланыста болған. Қазір олар аудандық орталық аурухана дәрігерлерінің бақылауында.

Биыл маусымның 20-сы мен 23-і аралығында Қарағандыдағы облыстық инфекциялық ауруханаға Еркіндік ауылынан тоғыз адам сібір жарасы індетін жұқтырған деген күдікпен түскен. Олардың екеуі ауруханада қайтыс болған.

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрлігі Шығыс Қазақстан облысының екі тұрғынына сібір жарасы індеті жұққанын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG