Accessibility links

ҮЕҰ: Қазақстан халқының 25 пайызында баспана жоқ


Қазақстанда баспана алу бағдарамасы бойынша кезекте тұрған халық.
Қазақстанда баспана алу бағдарамасы бойынша кезекте тұрған халық.

Қазақстан халқының 25% жеке баспана жоқ. Бұл туралы Астанада өтіп жатқан үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік орган өкілдері арасында өтіп жатқан жиында «Real politik» қоғамдық қорының жетекшісі Талғат Мамырайымов мәлімдеді.

"Қазақстан билігі елде халықты баспанамен қамту жоғары деңгейде деп айтады. Бірақ Қазақстан халқының 25 пайызында жеке баспана жоқ. Олардың көбі - ішкі мигранттар. Ішкі мигранттар көбіне шағын ауылдардан ірі қалаларға ақша табу үшін келіп, үй жалдап тұрады" деді Мамырайымов.

«Real politik» қоғамдық қорының дерегінше, Қазақстанда жыл сайын ішкі миграция көлемі бір-екі миллион адамды құрайды.

XS
SM
MD
LG