Accessibility links

Пхеньян Вашингтонмен соңғы байланыс каналын жаппақ


Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын мен әскерилер.
Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын мен әскерилер.

Солтүстік Корея билігі 11 шілдеден бастап Пхеньян мен Вашингтон арасындағы соңғы байланыс каналын жабатынын мәлімдеді.

Өткен аптада АҚШ Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын мен ондаған шенеунікке адам құқығын бұзды деген айыппен санкция салған.

Бұған дейін екі ел дипломатиялық қарым-қатынастар үшін Нью-Йорктағы БҰҰ штаб пәтерін пайдаланып келген.

Осыған дейін Солтүстік Корея сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың ел лидері Ким Чен Ынға салған санкциясы "соғыс жариялаумен тең" деп мәлімдеген. Ресми Пхеньян АҚШ-қа жауап қайтаратынын да жеткізген.

XS
SM
MD
LG