Accessibility links

Еркіндік ауылындағы төтенше жағдай үш күнге ұзартылды


Қарағанды облысының аумақтық картасы.
Қарағанды облысының аумақтық картасы.

Қарағанды облысы Еркіндік ауылындағы төтенше жағдай тағы үш күнге ұзартылды. Бұл туралы "Қазақстан жаңалықтар" ақпарат агенттігіне ауыл шарушалық министрлігі ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті төрағасы Марат Мұхтаров хабарлаған.

Биыл маусымның 20-сы мен 23-і аралығында Қарағандыдағы облыстық инфекциялық ауруханаға Еркіндік ауылынан тоғыз адам сібір жарасы індетін жұқтырған деген күдікпен түскен.

Олардың екеуі ауруханада қайтыс болған. Осыдан кейін елді мекенде төтенше жайдай жарияланып, ауылға барар жолдардың барлығы жабылған.

11 шілдеде Павлодар облысы Ертіс ауданы Ұзынсу ауылынан алынған еттерден сібір жарасы талшықтары табылғандықтан елді-мекенде карантин жарияланды.

XS
SM
MD
LG