Бүгін Астанада Каспий жағалауы елдері сыртқы істер министрлерінің кездесуі басталды. Кездесу барысында Каспий теңізінің құқықтық статусы туралы конвенцияның жобасы қаралады.
Каспий жағалауы бестігіне енетін Әзербайжан, Иран, Қазақстан, Ресей, Түркменстан сыртқы істер министрлерінің бас қосуына Қазақстан сыртқы істері Ерлан Ыдырысовтың төрағалығымен өтіп жатыр. 12 шілдеде Астанадағы жиынға қатысу үшін Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров келген.
Жиыннан кейін министрлердің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді деп жоспарланған.