Қазақстан Моңғолияның Баян-Өлгий аймағындағы селден зардап шеккен отбасыларға гуманитарлық көмек көрсетеді.
Бұл туралы Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов өзінің твиттердегі парақшасында жазды. Масимов гуманитарлық көмек Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы екенін де атап өткен
10 шілдеде Моңғолияның этникалық қазақтар шоғырланған Баян-Өлгий қаласында су тасқыны жүріп, 100-ден аса үй қираған. 700-дей адам баспанасыз қалды. Ресми дерек бойынша апаттан бір бала қайтыс болған.