Accessibility links

Исламабад: 2014 жылғы мектепке шабуылды ұйымдастырушының көзі жойылды


"Талибанның" пәкістандық бөлімінің жетекшісі Халифа Умар Мансур (ортада) жақтастарымен бірге мәлімдеме жасап тұр. Қаңтар, 2016 жыл.
"Талибанның" пәкістандық бөлімінің жетекшісі Халифа Умар Мансур (ортада) жақтастарымен бірге мәлімдеме жасап тұр. Қаңтар, 2016 жыл.

Пәкістан әскери қолбасшылығының мәліметінше, 2014 жылы Пешавар қаласындағы кадет мектебіне жасалған шабуылды ұйымдастырушы Ауғанстанда америкалық ұшқышсыз басқарылатын ұшақ шабуылынан көзі жойылды. Пентагон 13 шілдеде бұл ақпаратты растап, "Талибанның" пәкістандық бөлімінің басшысы Халифа Умар Мансур мен тағы төрт содырдың Ауғанстанның Нангархар уәлаятында әуе шабуылынан мерт болғанын мәлімдеді.

Умар Нарай және Халид Хурасани деген атпен де белгілі Мансур Пешавардағы мектепке шабуыл жасауға өзі нұсқау бергенін мәлімдеген. Шабуылдан 150 адам қаза тапқан, оның 144-і балалар. Мансур сонымен қатар биылғы жылдың басында Пәкістанның солтүстік-батысындағы университетке жасалған шабуылды да ұйымдастырған. Ол кезде 21 студент пен оқытушы қаза тапқан.

XS
SM
MD
LG