Accessibility links

Назарбаев: Ұлыбританиямен әріптестікті дамытуға дайынбыз


Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан президенті.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлыбританияның жаңа премьер-министрі Тереза Мэйді премьерлікке тағайындалуымен құттықтап, жаңа қызметте табыс тіледі деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Тереза Мэйдің атына жолданған телеграммада Назарбаев Қазақстанның екі ел халқының игілігі үшін екі жақты әріптестікті ары қарай да дамытуға дайын екенін айтып, Ұлыбритания халқына ары қарай да гүлдене беруін тілеген. Назарбаев екі ел арасында берік байланыс орнағанын айтып, Ұлыбританияның Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне тұрақты емес мүше болуын қолдағанын жоғары бағалайтынын білдірген.

Консервативтік партия жетекшісі Тереза Мэй Ұлыбритания азаматтары референдумда Еуропа Одағынан шығуды қолдап дауыс берген соң отставкаға кеткен премьер Дэвид Кэмеронның орнына тағайындалып отыр.

XS
SM
MD
LG