Accessibility links

Керри Мәскеуде Путинмен кездеседі


АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри (сол жақта) мен Ресей президенті Владимир Путин. Мәскеу, 15 желтоқсан 2015 жыл.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри (сол жақта) мен Ресей президенті Владимир Путин. Мәскеу, 15 желтоқсан 2015 жыл.

Бейсенбі күні Мәскеуге баратын АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Ресей президенті Владимир Путинмен кездеспек.

Reuters дерегінше, Керри Ресей тарабына Мәскеу мен Дамаск Сирия билігін ауыстыру жайлы келіссөз бастап жатса, "Ислам мемлекеті" террористік тобына қарсы етене күресейік деген ұсыныс айтпақ. Керри мен Путин Украинада дағдарысын шешу жайын да сөз етеді.

Жуықта Washington Post газеті АҚШ Ресейге Сириядағы әскери кампанияда бірлескен штаб құру жайын ұсынады деп хабарлаған.

Джон Керридің Мәскеуге сапары 7 шілдеде АҚШ пен Ресей президенттерінің телефон әңгімесі кезінде шешілген.

XS
SM
MD
LG