Accessibility links

ҚАЖК: Түрмеде зорланған әйел ісі прокуратура бақылауында


Адвокат Айман Омарова.
Адвокат Айман Омарова.

Ішкі істер министрлігі ғимаратында өткен түрмедегі азаптау проблемалары жөніндегі қоғамдық тыңдау кезінде "түрмедегі зорлау" да сөз болды. Жиында адвокат Айман Омарова қылмыстық атқару жүйесі комитетінің (ҚАЖК) төрағасы орынбасары Азамат Базылбековке «Абақтыда зорланып, балалы болған азаматшаның арызы неге уақытында қабылданбады?» деп сұрақ қойды.

Азамат Базылбеков бұл факт бойынша соттан бұрынғы тергеу ісі өткен жылы басталғанын айтады.

"Өтініш қабылданды. Сараптама нәтижесі жасалғанша іс тоқтатылған болатын. Менің білуімше, бұл қылмыстық іс тергеу бойынша ұлттық бюро, прокуратура бақылауында" деп жауап қайырды ҚАЖК төраға орынбасары Азамат Базылбеков.

Адвокат Айман Омарованың айтуынша, өткен жылы Алматыдағы №18 тергеу абақтысында қамауда отырған Наталья Слекишинаны түрменің бірнеше қызметкерлері зорлаған. Тергеу сараптамасының нәтижесі бойынша, істе көрсетілген төрт қызметкердің бірі Наталья Слекишина тапқан қыз баланың әкесі екені анықталған. Қазір Айман Омарова қылмыстық іске «азаптау» бабы қосылуын сұрайды.

"Мұны себебі, Слекишина зорланған кезде түрме басшылығы оның арызын қабылдамай қойған. Соның кесірінен ол бірнеше рет зорланған" дейді адвокат.

XS
SM
MD
LG