Accessibility links

Түркия Босфор бұғазын ашты


Стамбулдағы Босфор бұғазы арқылы салынған көпір. 15 шілде 2016 жыл.
Стамбулдағы Босфор бұғазы арқылы салынған көпір. 15 шілде 2016 жыл.

Түркия транзиттік жүк кемелері өтуі үшін Босфор бұғазын ашты деп хабарлайды Reuters. Түркияда сенбіге қараған түні әскерилер мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеттенген соң қауіпсіздік мақсатында бұғаз бірнеше сағат бойы жабық болған еді.

Қара теңіз бен Жерорта теңізін жалғастыратын Босфор бұғазы ең ірі теңіз жолдарының бірі болып табылады. Ол арқылы мұнай транзитінің үш пайыздан астамы, сонымен бірге ресейлік және қазақстандық астықтың негізгі бөлігі әлемдік базарға шығарылады.

Түркияда әскерилер билікті басып алмақ болғаннан кейін жаппай тәртіпсіздіктер мен қақтығыстар барысында ондаған адам қаза тауып, мыңнан астам адам зардап шеккен.

XS
SM
MD
LG