Accessibility links

Қарағандыда көлді тазарту үшін эко-жәрмеңке өтіп жатыр

Қарағанды қаласының орталық даңғылындағы эко-жәрмеңке. 16 шілде 2016 жыл.
Қарағанды қаласының орталық даңғылындағы эко-жәрмеңке. 16 шілде 2016 жыл.

Қарағанды қаласының орталық даңғылында бүгін эко-жәрмеңке өтті. Қарағандылық бизнесмен Ерлан Әшімнің қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастыру туралы үндеуіне ондаған жергілікті тұрғын мен кейбір кәсіпкерлер қолдау танытты. Шарадан жиналған қаржыны Қарағандының орталық саябағындағы шағын көлді тазалау және абаттандыруға жұмсау жоспарланған.

– Атауы жоқ осы көлді кейде «иттікі» деп атайды, өйткені адамдар оған иттерді шомылдырады. Айналасы түгел қоқысқа толы көлдің көлемі үлкен – 300 метрдей (ұзындығы), оған баратын жол да жоқ. Қараусыз қалған жерді шөп-шалам басқан, бірақ басқа баратын жер болмағандықтан адамдар сол жерге серуендеп барады. Балықшылар да бар. Егер көлді қолдан келгенше тазартып, абаттандыратын болса баршаға пайдалы болар еді, - дейді Азаттыққа Қарағанды облыстық экологиялық музейдің директоры Дмитрий Калмыков.

Ондаған адам бүгін «Абсолют» сауда үйінің алдындағы алаңға әртүрлі заттарды сатуға шықты: кейбірі азық-түлікті сатса, енді біреулер қолдан жасалған бұйымдарды, өзге тұрғындар үйден пісіріп әкелген тағамдарды сатты.

– Іссапармен шетелге жиі шығып тұрамын. Ол жақта адамдардың ешкім айтып, бұйрық бермесе де өздігімен ұйымдасып, нақты бір шаруаны бірлесіп тындыратын қасиеті тәнті етеді. Бізде ойбай, анау жаман, мынау лас дегенді жиі айтамыз да, бұның бәрін біреу тындырып берсе екен деп күтеміз. Осы мәселені өз ортамызда талқылай келе, біз неге біреуге шағым айтып, жалынғанша өзіміз қолға кетпен-күрек алып, білек сыбана іске кіріспейміз деп шештік. Бірақ ол үшін қаржы керек. Сөйтіп осындай қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастырамыз деп шештік. Біз өзіміз бүгінгі шарадан жиналған барлық қаржыны сол мақсатқа жұмсаймыз деп шештік, - дейді Азаттыққа «Нәтиже» компаниясының директоры Ерлан Әшім.

Кейбір кәсіпкерлер саудадан түскен түсімнің 10-15 пайызын беруге әзір екендерін айтты. Бүгін үйден пісіріп әкелген тағамдарды сатқан әйелдер барлық табысын беруді жоспарлап отыр. Эко-жәрмеңкенің өзге қатысушылары Азаттық тілшісімен әңгімеде өздері қосатын қаржы көлемі бүгінгі сауда нәтижесіне байланысты екенін айтты.

– Әзірше қайырымдылыққа нақты қанша беретінімді шешкем жоқ. Бүгінгі саудада өзім жасаған ұлттық нақыштағы қолөнер бұйымдары қалай өтетінін байқаймын. Бұл менің қосымша табыс көзім. Үйде тігін тігемін, ал демалыс пен мейрам күндері саудаға шығарамын, - дейді Азаттыққа Гүлдана Хамзеева.

Белсенділер – негізінен көпшілігі «Нәтиже» компаниясының жұмыскерлері мен экологиялық музей қызметкерлері – Қарағандының орталық саябағындағы шағын көлді қалпына келтіру жұмыстарына шілденің 30-ы күні кіріспекші. Олар көлді өз күштерімен тазалап, жиналған қаржыны құс ұялары, қоқыс жәшіктері мен орындықтар сатып алуға жұмсамақшы.

Қарағандылықтар арасындағы аңыз бойынша, бұл көлді Қарлаг тұтқындары салған. Бірақ құжат жүзінде оған дәлел жоқ.

Қарағандыдағы эко-жәрмеңке туралы фотогалерея:

Жәрмеңкеден түскен қаржыға көлді тазартпақшы

Эко-жәрмеңкені «Нәтиже» сүт фабрикасы Қарағанды облыстық экологиялық музеймен бірлесіп ұйымдастырған. Бұл қайырымдылық шарасына ондаған жергілікті тұрғын мен кейбір кәсіпкерлер қолдау танытты.
1/11 Эко-жәрмеңкені «Нәтиже» сүт фабрикасы Қарағанды облыстық экологиялық музеймен бірлесіп ұйымдастырған. Бұл қайырымдылық шарасына ондаған жергілікті тұрғын мен кейбір кәсіпкерлер қолдау танытты.
Қарағандыда орталық саябақтағы жасанды көлді қалпына келтіруге қажетті қаржы жинау мақсатында қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Эко-жәрмеңкеге келген кішкентай сатып алушыларға балаларға арнап қолдан жасалған түрлі әшекей бұйымдар ұсынылды.
2/11 Эко-жәрмеңкеге келген кішкентай сатып алушыларға балаларға арнап қолдан жасалған түрлі әшекей бұйымдар ұсынылды.
Қарағандыда орталық саябақтағы жасанды көлді қалпына келтіруге қажетті қаржы жинау мақсатында қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Қарағандадағы эко-жәрмеңкеде жергілікті қолөнершілер өздері әзірлеген түрлі бұйымдарды саудаға шығарды. Олардың өнімдеріне соңғы кездері сұраныс артқаны байқалады.
3/11 Қарағандадағы эко-жәрмеңкеде жергілікті қолөнершілер өздері әзірлеген түрлі бұйымдарды саудаға шығарды. Олардың өнімдеріне соңғы кездері сұраныс артқаны байқалады.
Қарағандыда орталық саябақтағы жасанды көлді қалпына келтіруге қажетті қаржы жинау мақсатында қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Қайырымдылық эко-жәрмеңкесін ұйымдастырушы, қарағандылық бизнесмен Ерлан Әшім Азаттыққа сұхбатында өзі басқаратын «Нәтиже» компаниясы бүгінгі шарадан жиналған барлық қаржыны қайырымдылық мақсатына жұмсайтынын айтты. Бүгін компания Қарағандыдағы жәрмеңкеге 200 мыңға жуық теңгенің өнімдерін шығарған.
4/11 Қайырымдылық эко-жәрмеңкесін ұйымдастырушы, қарағандылық бизнесмен Ерлан Әшім Азаттыққа сұхбатында өзі басқаратын «Нәтиже» компаниясы бүгінгі шарадан жиналған барлық қаржыны қайырымдылық мақсатына жұмсайтынын айтты. Бүгін компания Қарағандыдағы жәрмеңкеге 200 мыңға жуық теңгенің өнімдерін шығарған.
Қарағандыда орталық саябақтағы жасанды көлді қалпына келтіруге қажетті қаржы жинау мақсатында қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Қарағандының орталық саябағына кіретін қақпа. Саябақ аумағында шағын көл орналасқан. Белсенділер бүгін эко-жәрмеңкеден түскен қаржыны сол көлді қалпына келтіріп, тазалау жұмыстарын жүргізуге жұмсамақ.
5/11 Қарағандының орталық саябағына кіретін қақпа. Саябақ аумағында шағын көл орналасқан. Белсенділер бүгін эко-жәрмеңкеден түскен қаржыны сол көлді қалпына келтіріп, тазалау жұмыстарын жүргізуге жұмсамақ.
Қарағандыда орталық саябақтағы жасанды көлді қалпына келтіруге қажетті қаржы жинау мақсатында қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Қайырымдылық эко-жәрмеңкесінде көлдің суреті бар баннер де ілінді. Онда жасанды көлдің қазіргі қоқысқа толы, лас күйі бейнеленген.
6/11 Қайырымдылық эко-жәрмеңкесінде көлдің суреті бар баннер де ілінді. Онда жасанды көлдің қазіргі қоқысқа толы, лас күйі бейнеленген.
Қарағандыда орталық саябақтағы жасанды көлді қалпына келтіруге қажетті қаржы жинау мақсатында қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Қарағандылық Гүлдана Хамзеева эко-жәрмеңкеге өзі жасаған ұлттық нақыштағы қолөнер бұйымдарын әкелді. Мұны қосымша табыс көзі санайтын тұрғын ол бұйымдарын 300-ден 600 теңгеге дейін бағалап саудаға шығарды. Келушілер оларды қызыға сатып алып жатты. Ұлттық ою-өрнек салынған заттың бірін Азаттық тілшісі де өзіне сатып алды.
7/11 Қарағандылық Гүлдана Хамзеева эко-жәрмеңкеге өзі жасаған ұлттық нақыштағы қолөнер бұйымдарын әкелді. Мұны қосымша табыс көзі санайтын тұрғын ол бұйымдарын 300-ден 600 теңгеге дейін бағалап саудаға шығарды. Келушілер оларды қызыға сатып алып жатты. Ұлттық ою-өрнек салынған заттың бірін Азаттық тілшісі де өзіне сатып алды.
Қарағандыда орталық саябақтағы жасанды көлді қалпына келтіруге қажетті қаржы жинау мақсатында қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Экологиялық жәрмеңкеде үйден пісіріп әкелген тағам түрлерін сатқан әйелдер бүгінгі саудадан түскен барлық табысты Қарағанды орталық саябағындағы жасанды көлді тазарту мақсатына беретіндерін айтты.
8/11 Экологиялық жәрмеңкеде үйден пісіріп әкелген тағам түрлерін сатқан әйелдер бүгінгі саудадан түскен барлық табысты Қарағанды орталық саябағындағы жасанды көлді тазарту мақсатына беретіндерін айтты.
Қарағандыда орталық саябақтағы жасанды көлді қалпына келтіруге қажетті қаржы жинау мақсатында қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Қайырымдылық эко-жәрмеңкесіне қатысушылар мен қонақтарға жергілікті бишілер ұжымы өнер көрсетті. 
9/11 Қайырымдылық эко-жәрмеңкесіне қатысушылар мен қонақтарға жергілікті бишілер ұжымы өнер көрсетті. 
Қарағандыда орталық саябақтағы жасанды көлді қалпына келтіруге қажетті қаржы жинау мақсатында қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Бүгінгі қайырымдылық эко-жәрмеңкесінде айранның негізінде жасалған сабын да сатылды. Оны әзірлеушілердің айтуынша, дүкеннен табылмайтын өнімді олар тек тапсырыс бойынша дайындайды екен.
10/11 Бүгінгі қайырымдылық эко-жәрмеңкесінде айранның негізінде жасалған сабын да сатылды. Оны әзірлеушілердің айтуынша, дүкеннен табылмайтын өнімді олар тек тапсырыс бойынша дайындайды екен.
Қарағандыда орталық саябақтағы жасанды көлді қалпына келтіруге қажетті қаржы жинау мақсатында қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Қайырымдылық шарасына сіркіреп жауған жауын аздап бөгет жасады. Жаңбырлы күні жәрмеңкеге өнімдерін алып шыққан сатушылар үсті-басы су болғанына қарамастан, осы жерде кешке дейін тұруды ұйғарды.
11/11 Қайырымдылық шарасына сіркіреп жауған жауын аздап бөгет жасады. Жаңбырлы күні жәрмеңкеге өнімдерін алып шыққан сатушылар үсті-басы су болғанына қарамастан, осы жерде кешке дейін тұруды ұйғарды.
Қарағандыда орталық саябақтағы жасанды көлді қалпына келтіруге қажетті қаржы жинау мақсатында қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Previous slide
Next slide

XS
SM
MD
LG