Accessibility links

АҚШ мемлекеттік департаменті Наталья Эстемированы еске алды


Наталья Эстемироваға арналған көрмедегі сурет.
Наталья Эстемироваға арналған көрмедегі сурет.

АҚШ мемлекеттік департаменті баспасөз хатшысының орынбасары Марк Тонер ресейлік адам құқығын қорғаушы, журналист Наталья Эстемированың қастандықпен өлтірілгеніне жеті жыл толуына байланысты мәлімдеме таратты.

АҚШ дипломаты мәлімдемесінде Наталья Эстемированы өлтіргендердің әлі бостандықта жүргенін еске салған. Сонымен бірге, құқық қорғаушы зерттеу жүргізген адам ұрлау, азаптау және сотсыз өлім жазасын орындау тәрізді заңсыздықтар Шешенстанда әлі күнге жалғасып жатқанын айтқан.

«Біз бүкіл Ресей бойынша тәуелсіз журналистерді, саяси оппозиция мен азаматтық қоғам өкілдерін қорқытып-үркітіп, зиян келтіруге тырысқандарды көріп отырмыз», - делінген АҚШ мемлекеттік департаменті өкілінің мәлімдемесінде.

«Біз Ресей билігін Наталья Эстемированы өлтіргендерді жауапқа тартып, Ресей федерациясында құқыққорғаушылар, бейбіт саяси белсенділер мен тәуелсіз журналистердің өз жұмысын қауіпсіз және еркін атқаруын қамтамасыз етуге тағы да шақырамыз», - делінген мәлімдемеде.

Солтүстік Кавказдағы адам ұрлау мен өлтіруге қатысты көп істі зерттеген құқыққорғаушы әрі журналист Наталья Эстемированы 2009 жылы шілденің 15-і күні Шешенстан астанасы Грозныйдағы үйінің алдынан белгісіз адамдар ұрлап әкеткен. Бір күннен соң оқ іздері бар оның жансыз денесі Ингушетияның Назран ауданындағы Ғази-Юрт ауылы маңынан табылған.

XS
SM
MD
LG