Accessibility links

АҚШ: Батон-Ружда үш полицейді атып кетті


Батон Ружда полиция атыстан соң көшелерді жауып тұр. АҚШ, 17 шілде 2016 жыл.
Батон Ружда полиция атыстан соң көшелерді жауып тұр. АҚШ, 17 шілде 2016 жыл.

АҚШ-тың Луизиана штатындағы Батон-Руж қаласында үш полиция қызметкері оққа ұшып, үшеуі жараланды. Полиция оқиға орнына атыс туралы хабар бойынша барған. Оқиға орнында оларға кем дегенде бір адам оқ атқан. Шабуыл жасаған адамның өзі оққа ұшқан. Билік өкілдері қаза тапқандар бірнеше адам болуы мүмкін дейді.

Штат губернаторы Джон Эдвардс шабуылды халық "бірлік пен айығуға мұқтаж" болып тұрған уақытта "айтып жеткізгісіз және ақтауға болмайтын" деп атады. АҚШ-та Далласта полицияның екі қара нәсілді азаматты атып тастап, кейін қара нәсілді азаматтар бес полицейді өлтіргеннен кейінгі жағдай шиеленісті болып тұр. Өткен аптада Батон-Ружда полицияның зорлығына қарсы наразылық акциясына жүзден астам адам ұсталған.

XS
SM
MD
LG