Accessibility links

Алматыда полиция басқармасына оқ атқаны хабарланды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Алматының Алмалы аудандық ішкі істер басқармасында полиция дабыл белгісі бойныша көтерілді деп хабарлады Азаттыққа басқарманың кезекші қызметкері.

Бірер минут бұрын Facebook желісінде "Мерген Прохант" есімді қолданушы Алмалы аудандық ішкі істер басқармасы жанында "қара түсті киім киген белгісіз ер адам оқ атып, қашқанын" хабарлаған.

Бұл ақпарат бойынша хабарласқан Азаттық тілшісіне ішкі істер басқармасының кезекші қызметкері "полицияға жедел дабыл белгісі берілгенін" ғана айтып, басқа мәлімет бермеді.

Tengrinews.kz сайтының хабарлауынша, қазір полиция басқармасы қоршалған. Куәгерлердің айтуынша, басқарма жанындағы базар қасында бірнеше атыс үні естілген.

Facebook желісіндегі видео

XS
SM
MD
LG