Accessibility links

Алматыдағы шабуыл құрбандары саны артты


Абылай хан және Қазыбек би көшелері қиылысындағы атыс орны. Көшені жауып тексеру жүріп жатыр. Алматы. 18 шілде, 2016 жыл.
Абылай хан және Қазыбек би көшелері қиылысындағы атыс орны. Көшені жауып тексеру жүріп жатыр. Алматы. 18 шілде, 2016 жыл.

Алматыдағы шабуылдан қаза тапқандар саны бес адамға ұлғайды. Қалалық ішкі істер департаментінің (ІІД) мәліметінше, таңертең Алмалы аудандық ішкі істер бөлімінде шабуыл жасалды деген таксиде болған жолаушы қыз көз жұмған.

"Бүгін таңертең күдіктінің жеке таксиге шабуыл жасап, көлікте болған жолаушы қыздың мерт болғаны анықталды" делінген ІІД хабарламасында.

Бұған дейін ішкі істер министрлігі Алматыда үш полиция қызметкері мен бір бейбіт тұрғынның қаза тапқанын хабарлаған. ІІД оққа ұшқан полицейлердің аты-жөнін жариялаған. Ресми мәлімет бойынша, қаза тапқан бейбіт тұрғын күдікті шабуыл жасап, иеленіп алмақ болған көліктің жүргізушісі болған.

Шабуылдан сегіз адам жараланып ауруханаға жеткізілген. Олардың халі ауыр саналады.

Ресми ақпаратқа қарағанда, шабуылға екі күдікті ұсталған. Олардың шабуылды қандай мақсатпен жасағаны туралы ресми мәлімет жоқ.

XS
SM
MD
LG