Accessibility links

Террормен күрес штабы: Алматыдағы жағдай тұрақтанды


Абылай хан және Қазыбек би көшелері қиылысындағы атыс орны. Көшені жауып тексеру жүріп жатыр. Алматы. 18 шілде, 2016 жыл.
Абылай хан және Қазыбек би көшелері қиылысындағы атыс орны. Көшені жауып тексеру жүріп жатыр. Алматы. 18 шілде, 2016 жыл.

Алматыдағы шабуылдан кейінгі жағдай қалпына түсті деп хабарлады Алматыдағы террормен күрес жедел штабының ресми өкілі Салтанат Әзірбек. Оның айтуынша, қаладағы жағдай құқық қорғау органдарының бақылауында, қауіп жоқ.

Шабуылға қатысты қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-тармағы ("кісі өлімі"), 269-бабының 2-тармағы ("ғимараттарға, құрылыстарға, қатынас және байланыс құралдарына шабуыл жасау немесе оларды басып алу") және 380-бабының 2-тармағы ("билік өкіліне қатысты күш қолдану") бойынша қылмыстық істер қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Алматыда бүгін түске дейін Алмалы аудандық ішкі істер бөлімі (ІІБ) мен ҰҚК департаментіне белгісіз адам шабуыл жасаған. Ресми мәлімет бойынша, шабуылдан үш полицей мен екі бейбіт тұрғын жараланып, жеті адам жараланған.

Салтанат Әзірбектің сөзінше, шабуылға күдікті адам ұсталып, қамауға алынған. Қазір басқа күдіктілер тексеріліп жатыр.

XS
SM
MD
LG