Accessibility links

Алматыда шабуылдан қаза тапқан полицейлермен қоштасып жатыр


Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы алдына қаза тапқан полицейлермен қоштасуға жиналған адамдар. Алматы, 20 шілде 2016 жыл.
Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы алдына қаза тапқан полицейлермен қоштасуға жиналған адамдар. Алматы, 20 шілде 2016 жыл.

Алматыда Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында шабуылдан қаза тапқан полиция қызметкерлері Аян Ғалиев пен отставкадағы полиция подполковнигі Ғани Нұримановпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, қоштасуға бірнеше жүз адам жиналған. Шараға Алматы әкімі Бауыржан Байбек, Алмалы, Алатау, Түрксіб аудандарының әкімдері барған.

Спорт сарайының іші мен маңында полиция қызметкерлерінің қарасы көп.

Алматыда 18 шілде күні Алмалы аудандық ішкі істер бөлімі мен ҰҚК департаментіне қарулы адам шабуыл жасап, төрт полицей мен шекара қызметінің бір қызметкері және бір бейбіт тұрғын қаза тапқан. Шабуылдан жеті адам жараланған.

XS
SM
MD
LG