Accessibility links

Киевте журналист Павел Шеремет қаза тапты


Журналист Павел Шеремет
Журналист Павел Шеремет

Киевте 20 тамыз күні таңертең көлік жарылып, белгілі журналист Павел Шеремет қайтыс болды деп хабарлайды Азаттықтың Украин редакциясы. Шеремет қызмет еткен "Украинская правда" басылымының ақпаратына қарағанда, көлік жергілікті уақыт бойынша сағат 7:45-те Богдан Хмельницкий мен Иван Франко көшесінде жарылған.

Көлік "Украинская правда" басылымының жетекшісі Алена Притулдікі болған. Жарылыс болған кезде Притул көлікте болмаған. Жарылыс орнына полиция барған.

Павел Шеремет соңғы бес жылда Киевте тұрған. Ол "Украинская правда" басылымынан өзге "Вести" радиосында да жұмыс істеген.

44 жастағы Шеремет ресейлік, беларусь және украин ақпраат құралдарында қызмет еткен. Өз елі Беларусьте ол билікте отырғанына жиырма жылдан асқан президент Александр Лукашенко үкіметін сынайтын. 1990-жылдардың соңы мен 2000-жылдардың басында Шеремет ресейлік ОРТ (кейін "Первый канал" болып өзгерген) телеарнасында қызмет еткен.

XS
SM
MD
LG