Accessibility links

"Астана" Чемпиондар лигасы іріктеуінің 3-кезеңіне шықты


"Астана" командасының ойыншылары.
"Астана" командасының ойыншылары.

Футболдан Қазақстан чемпионы «Астана» командасы Чемпиондар лигасы іріктеуінің үшінші кезеңіне шықты.

Екінші іріктеу кезеңінде «Астана» Литваның «Жальгирис» командасымен кездескен. Вильнюстағы ойын 0:0 есебімен тең аяқталған. Ал Астанада өткен қарымта матчта қазақстандық команда қалайда жеңіс қажет болған. Матчтың 31-минутында "Астана" ойыншысы Марин Аничич есеп ашты. Ал 57 минутта "Жальгирис" сапынан Эливелто есепті теңестіріп кетті - 1:1.

Ойын соңында Марин Аничич матчтағы екінші голын салып, "Астанаға" жеңіс алып келді.

«Астана» үшінші кезеңде шотландиялық «Селтик» пен Гибралтар клубы «Линкольн» арасындағы жеңімпазбен кездеседі.

XS
SM
MD
LG