Accessibility links

Нидерланд соты Каримоваға қатысы бар компания активін тәркілеуді бұйырды


Гүлнара Каримованың ұялы телефондағы суреті (Көрнекі сурет).
Гүлнара Каримованың ұялы телефондағы суреті (Көрнекі сурет).

Нидерландының Амстердам соты Takilant компаниясының 135 миллион доллар активін тәркілеуге шешім шығарды. Бұл компанияны пара беру ісінде Өзбекстан президентінің үлкен қызы Гүлнара Каримовамен байланысы бар делінеді.

Амстердам соты өзінде Takilant компаниясы Vimpelcom және скандинавиялық TeliaSonera компанияларынан олардың еншілес Unitel және Ucell операторларына Өзбекстан нарығына кіруіне лицензия иеленуі үшін пара алғанына дәлелдер бар дейді.

Екі судья сонымен қатар Takilant 1,7 миллион доллар көлемінде айыппұл төлеуі тиіс және компанияға Ucell акциясының 6 пайызы тәркіленуі тиіс дейді.

Бұған дейін бұл іс бойынша жұмыс істеген прокурорлар өздерінің мақсаты Гүлнара Каримова емес, компанияны жауапқа тарту деп хабарлаған.

Биыл ақпанда Bloomberg агенттігі Vimpelcom Ltd. АҚШ пен Нидерланд билігі таққан коррупция туралы айып бойынша шағымды реттеу үшін 795 миллион доллар төлеуге келіскенін хабарлаған.

АҚШ билігі Нидерланд прокуратурасымен бірге Vimpelcom, MTC пен TeliaSonera-ның Takilant компаниясымен келісімін-шартына қатысты тергеу жүргізген. Бұған Стокгольм соты материалдарының жариялануы себеп болған. Онда Vimpelcom Ltd. Water Trail Industries компаниясы арқылы 2007-2011 жылдары Takilant-0а Виргин аралдарына 55 миллион доллар аударғаны айтылған.

Өзбекстан соты Takilant компаниясына ресми түрде иелік ететін және Гүлнара Каримоваға жақын Гаян Авакянды экономикалық қылмыстар жасады деп ұзақ мерзімге соттаған.

Каримованың азаматтық некедегі күйеуі, бірқатар оффшорлық компанияға иелік еткен әнші Рустам Мадумаровты да 2014 жылы Өзбекстан әскери соты ұзақ мерзімге соттаған.

Бейресми деректер бойынша, Гүлнара Каримова Өзбекстанда үйқамақта отыр.

XS
SM
MD
LG