Accessibility links

Вашингтонда Мосулды қайтарып алуға қатысты жиын өтіп жатыр


Мосул маңындағы Ирак әскерилері. Ирак, наурыз 2016 жыл.
Мосул маңындағы Ирак әскерилері. Ирак, наурыз 2016 жыл.

"Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымына қарсы АҚШ бастаған коалицияның дипломатиялық және әскери тобының жетекші өкілдері Вашингтонда содырлар ұстап тұрған Ирактың екінші ірі Мосул қаласын алу дайындығына арналған кездесу өткізіп жатыр. Вашингтонға 40-тан астам мемлекеттің қорғаныс және сыртқы істер министрлері жиналған.

"Мосулды босату қазір күн тәртібінде тұр" деп мәлімдеді АҚШ-тың коалициядағы елшісі Брет МакГурк. Ирак премьер-министрі Хайдер әл-Абади осы жылдың соңына дейін қалаға бақылау орнатуға уәде берді. АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керридің айтуынша, екі жылға жетпейтін уақытта коалиция содырлардан олардың Иракта басып алған территориясының жартысына жуығын, Сирияда басып алған аумағының 20 пайызын босатқан. "Бүгін біз ИМ Ирак пен Сириядан түпкілікті кететін уақыт таяп келеді десек артық артық айтпаймыз" деді Керри.

20 шілде - кездесудің алғашқы күні қорғаныс министрлері әскери тактиканы талқылаған. Сыртқы істер министрлері қалпына келтіру жұмыстарына екі миллиард доллар бөлуге келіскен.

XS
SM
MD
LG