Accessibility links

Хиллари Клинтон АҚШ вице-президенттігіне ұсынатын адамды атады


АҚШ президенттігіне Демократиялық партиядан ортақ кандидат болуға үміткер Хиллари Клинтон.
АҚШ президенттігіне Демократиялық партиядан ортақ кандидат болуға үміткер Хиллари Клинтон.

АҚШ президенттігіне Демократиялық партиядан ортақ кандидат болуға үміткер Хиллари Клинтон алдағы сайлауда АҚШ вице-президенттігіне кандидат ретінде Виргиния штатының бұрынғы губернаторы, сенатор Тим Кейнді ұсынатынын мәлімдеді.

58 жастағы заңгер Тим Кейн 20 жылдан астам уақыт ішінде әртүрлі саяси қызметтерге сайланған. Ол қалалық кеңес мүшесі, штат губернаторы болған және ешқашан сайлауда жеңіліп көрген емес деп сипаттады Хиллари Клинтон. Осы кезге дейін вице-президент қызметіне кандидат болуға лайық негізгі үміткерлер арасында Кейннің есімі де аталып келген. Осылайша Хиллари Клинтон төңірегіне ісін жетік білетін, Ақ үйге келе сала мемлекетті тиімді басқаруға дайын кәсіби адамдарды шоғырландырып жатқаны туралы елге ишара танытып отыр дейді Клинтонның маңайындағылар.

Алайда, Клинтонның бұл таңдауына бұған дейін Демократиялық партиядан президенттік сайлауға қатыспақ болып Хиллари Клинтонмен таласқа түскен, бірақ кейін Клинтонға қолдау білдірген сенатор Берни Сандерстің кейбір жақтастары қош көріп отырған жоқ. Кейнді қаржы топтарына өте жақын саяси истеблишментке жатады деп санайтын олар Клинтонды вице-президенттікке Демократиялық партияның солшыл либералдық қанатына жақын кандидатты таңдауға шақырған.

Хиллари Клинтон мен Тим Кейнді АҚШ президенті мен вице-президенті қызметтеріне Демократиялық партия атынан ортақ кандидаттар етіп бекіту мәселесі алдағы дүйсенбіде Филадельфияда ашылатын партия съезінде қаралмақ.

XS
SM
MD
LG