Accessibility links

Бүкілресейлік жанкүйерлер бірлестігін Ресей футбол одағынан шығарады


ВОБ жетекшісі Александр Шпрыгинді (ортада) Еуропа футбол чемпионаты кезінде екінші рет Франция аумағынан шығарып жатыр. 18 маусым 2016 жыл.
ВОБ жетекшісі Александр Шпрыгинді (ортада) Еуропа футбол чемпионаты кезінде екінші рет Франция аумағынан шығарып жатыр. 18 маусым 2016 жыл.

Бүкілресейлік жанкүйерлер бірлестігін (ВОБ) жақын уақытта Ресей футбол одағы (РФС) құрамынан шығарады. Бұл туралы РФС президенті әрі Ресей спорт министрі Виталий Мутко мәлімдеген деп хабарлайды Азаттықтың Орыс қызметі.

«Жанкүйерлер жаңа ұйымды өздері құруы тиіс» деп мәлімдеген Мутко бірлестік жетекшілеріне ерікті түрде отставкаға кетуді ұсынған.

Министрдің сөзінше, ВОБ басшысы Александр Шпрыгин биыл Францияда өткен Еуропа футбол чемпионаты кезінде шетелдік футбол фанаттарына жасалған шабуылдарға қатысып, «РФС беделіне нұқсан келтірген».

ТАСС агенттігінің хабарлауынша, 2007 жылы бүкілресейлік жанкүйерлер бірлестігі (ВОБ) Мутконың қолдауымен құрылған. Сол кезде бұл жобаға қарсылық танытқан құқық органдары фанаттар қозғалысы құрамына футбол ойындарына қатысты бұзақылығымен танылған топтар кіріп жатқанын айтқан еді.

XS
SM
MD
LG