Accessibility links

Германияда мачетемен жасалған шабуылға күдікті ұсталған


Ретлингенде шабуыл жасалған жер. Германия, 24 шілде 2016 жыл.
Ретлингенде шабуыл жасалған жер. Германия, 24 шілде 2016 жыл.

Германия полициясының мәліметі бойынша, 24 шілдеде елдің оңтүстік-батысындағы Ретлинген қаласында адамдарға мачетемен (жалпақ пышақ) жасалған шабуылға күдікті ретінде Сириядан келген 21 жастағы жігіт ұсталған.

Полиция түсініктемесінде Штутгарттан оңтүстікте орналасқан қаладағы темір жол вокзалында болған ұрыс-керістен соң жасалған шабуыл барысында ер адамның мачетемен бір әйелді өлтіріп, тағы екі адамды жаралағаны айтылған. Полицияның хабарлауынша, қылмыскер жалғыз әрекет еткен.

Болған оқиғаның себептері айтылмайды, бірақ полиция мәлімдемесінде «қолда бар айғақтар оқиғаны теракт деуге келмейтінін көрсетеді» делінген. Күдікті адамның полицияға бұрыннан белгілі болғаны хабарланды.

Соңғы апталарда Германияда бірнеше шабуыл жасалған.

XS
SM
MD
LG