Accessibility links

Бағдатта жанкештілік шабуылдан бірнеше адам қаза болған


Бақылау-өткізу бекетіндегі жанкештілік жарылыстан бүлінген көлік қаңқасы. Бағдат, Ирак, 13 шілде 2016 жыл. (Көрнекі сурет.)
Бақылау-өткізу бекетіндегі жанкештілік жарылыстан бүлінген көлік қаңқасы. Бағдат, Ирак, 13 шілде 2016 жыл. (Көрнекі сурет.)

Ирак астанасында полиция бақылау-өткізу бекетіне жанкешті жасаған шабуыл салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер бар.

Жексенбіде болған бұл оқиғада қанша адамның мерт болғаны туралы нақты дерек жоқ, агенттіктер Ирак шенеуніктеріне сілтеме жасап, қаза тапқандардың санын 6-12 адам деп көрсетеді. Жиырма жуық адам жараланған.

Associated Press агенттігіне дәрігердің айтуынша, қаза тапқандар арасында үш полиция қызметкері бар.

Шииттер көп тұратын ауданға кіреберісте жасалған шабуылға жауапкершілікті әзірше ешкім мойнына алған жоқ.

Бұған дейін, шілденің 3-і күні Бағдатта 290 адамның өмірін қиған террорлық жарылысқа жауапкершілікті «Ислам мемлекеті» экстремистік тобы өзіне алған болатын.

XS
SM
MD
LG